Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде өткізілген
«Қамқоршылық кеңесі» отырысының
№2 Хаттамасы
«Қамқоршылық кеңесі» отырысының
№2 Хаттамасы
Каменка ауылы «25» сәуір 2019 жыл
Қамқоршылық кеңес төрағасы – Қ.Д.Дәулетов
Қатысқандар: Қамқоршылық кеңес мүшелері, мектептің әкімшілік мүшелері
Күн тәртібінде:
1. 2018-2019 оқу жылының І жартыжылдығында Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде атқарылған жұмыстар туралы мектеп директорының есебі
Мейманханов Мұратжан Құрманжанұлы – Бауыржан
Момышұлы атындағы орта мектебінің директоры
2. АІІБ ЖПҚ ЮПТ инспекторының 2019 жылдың қаңтар-сәуір айы аралығында атқарған жұмысы туралы есебі
АІІБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы Ә.Ұлтарақов
1.1.Тыңдалды: Мейманханов Мұратжан Құрманжанұлы – Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің директоры өз сөзінде 2018-2019 оқу жылының І жартыжылдығында атқарылған жұмыстары туралы есебін беріп, таныстырды. Мектепте жалпы 77 педагог қызметкерлері жұмыс істейтінін айтып, оның ішінде жоғары білімдісі -73, арнаулы білімді - 4, жоғары санатта - 13, бірінші санатта -18, екінші санатта- 17 , санатсыз – 12, педагог-зерттеуші -5 , педагог-сарапшы - 7, педагог-модератор – 5 екенін атап көрсетті. Педагог қызметкерлерінің сапалық құрамын көрсететін болсақ 56,5 % құрайтынын айтты. Мұратжан Құрманжанұлы 2018-2019 оқу жылында 1,2,3,5,7,8 сыныптар жаңартылған білім беру мазмұнына көшіп, 5 күндік оқу күніне көшіріліп, жаңаша талаптармен білім алатынын, білім алушыларды жаңартылған мазмұнда оқытудағы басты мақсаты - алынған білім мен дағдыларын кез келген жағдайда, өмірлік практикада қолдана алу екенін таныстырды. Мектебімізде осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру мен жүргізу жолында мектеп педагогтарының еңбегі зор деп атап көрсетіп, қазіргі таңда 49 мұғалім жаңартылған білім беру мазмұны бойынша, 4 мұғалім жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытуға бейінделіп, В1, В2 деңгейінде ағылшын тілін меңгеріп, химия, физика, биология пәндерінде терминдерді ағылшын тілінде қолдану арқылы сабақтар өтетінін айтты. Сонымен қатар, деңгейлік курстан өткен 20 мұғалім шығармашылық топта жұмыс атқаратынын айтты. Сондай-ақ, 2018-2019 оқу жылында Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде 641 оқушы білім алып, жалпы мектеп бойынша 40 сынып комплектісі бар екенін, оқушылардың І жартыжылдықта көрсеткен білім сапасы І тоқсанда 68,2 % болса, ІІ тоқсанда 68,2%, ІІІ тоқсанда 68,2% көрсеткенін айтты. М.Қ.Мейманханов 2018-2019 оқу жылының І жартыжылдығында мектеп педагогтары мен бірқатар мектеп оқушыларының жетістіктерімен таныстырып, мектепте инклюзивті білім алуға жасалған жағдайларды да атап көрсетті. Сонымен қатар, әлі де болса шешімін таппай отырған мәселелердің баршылық екенін айтып, мектептің материалдық-техникалық базасын жетілдіру бағытында демеушілерді тарту жұмыстарын жандандыру қажет екенін атап көрсетті. Мектеп ағымдағы оқу жылында күрделі жөндеу мен мектеп терезелері мен едендерін ауыстыруды қажет ететіндігі туралы айтты.
1.1.Сөйледі: Г.М.Баятанова – Қарақыстақ ауылдық округі аппаратының бас маманы, қамқоршылық кеңес мүшесі өз сөзінде: «Мектеп директорының баяндамасын «қанағаттанарлық» деп танып, нәтижеге бағытталған мектеп жұмысын басқаруда мектеп әкімшілігі мен мектеп педагогтеріне айтар алғысым шексіз. Мектеп әкімшілігі мектеп жұмысын дамытуда дұрыс болжам жасап, ұжымды ортақ мүддеге тоғыстырып отыр» - деді.
1.2.Сөйледі: Арыстанбекова Жеңіскүл Кенжебековна – ата-ана, қамқоршылық кеңес мүшесі өз сөзінде мектепте іс – шаралар жыл бойы мерекелік даталы күндерге, ақын-жазушылардың туған күндеріне т.б. мейрамдарға орай жоспарға сай жүргізіліп отыратындығына біршама қатысып та көз жеткізгендігін айтты. Сонымен қатар, оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға байланысты іс-шаралар мен байқаулар, спорттық ойындар, интелектуалдық сайыстар жыл бойы ұйымдастырылып өткізілетінін, өз балаларының да өте қызығушылықпен спорттық ойындарға қатысып, көптеген жетістіктерге де жетіп жүргенін айтты. Бұл мектеп ұжымы мен мектеп әкімшілігінің еңбегі, мектеп басшысы М.Қ.Мейманхановтың жұмысты дұрыс жолға қоя білуінің нәтижесі деп білемін – деді.
1.3.Сөйледі: Серибаев Мұрат Айжарыкович – қамқоршылық кеңес мүшесі: Білім алушы жастар Отанға деген сүйіспеншілік патриотизм, танымының заңдылықтарын игеру тиіс. Жастар туған мемлекетімізді баянды етуге, қуатын арттыруға, оның игілігіне қызмет етуге парыздар. Ол үшін мектеп әрбір оқушыға жас еліміздің тұтастығын, жеріміздің бүтіндігін аман сақтай білу қаншалықты үлкен тарихи жауапкершілік екенін жан жақты сезіндіру керек. Және осы бағыттағы жұмыстарды жүргізу жауапкершілігі біздер мен сіздерге жүктелетіндігін де атап көрсетіп, осы жолда мектептің атқаратын жұмысының да біршама зор екенін айтты.
Қаулы етті:
1.1. 2018-2019 оқу жылының І жартыжылдығында Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде атқарылған жұмыстар туралы мектеп директоры М.Қ.Мейманхановтың есебі «қанағаттанарлық» деп танылсын.
1.2. Мектептің материалдық техникалық базасын жетілдіру бағытында демеушілерді тарту жұмыстары жандандырылсын.
2.1.Тыңдалды: Ә.Ұлтарақов – АІІБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы: «Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі ауданымыздағы үлкен білім мекемелерінің бірі. Ол Қарақыстақ ауылдық округында орналасқан. Мұнда қазіргі уақытта 641 бала білім алуда. Оқушының көптігіне қарамастан аталған мектеп бойынша аудандық ішкі істер бөлімінің есебінде тұрған оқушы жоқ. Сонымен қатар мектепішілік есепте де тұрған оқушы жоқ. Бұл мектеп пен мектеп инспекторының бірлескен жұмысының нәтижесі деп білемін. Биылғы оқу жылына мектеп пен аудандық ішкі істер бөлімімен бірлескен жоспар жасалынған. Жоспарға сәйкес жиналыстар, тақырыптық іс-шаралар, кешкі рейдтер өткізілуде. Сондай-ақ жасөспірімдердің әкімшілік құқық бұзушылық кодексі бойынша жауапкершілікке және қылмыстық кодекс бойынша кейбір баптарында 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілік туындайтынын айта келіп, түнгі сағат 23.00-ден кейін мезгілсіз уақытта тұрғылықты үйден тыс жерде жүруге, көңіл көтеретін орындарға баруға, құмар ойындар ойнауға және топ-топ болып жиналып тұруға болмайтынын айтты. Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз сағат 22.00-ден таңғы 6-ға дейін ойын-сауық мекемелерінде болуы – заңды өкілдеріне үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады, яғни - 5946 теңге екенін айтты. Әр мектепке жеке-жеке бекітілген инспектор жоқ. Менің бір өзімде осы аймақтағы төрт мектеп жүктелген. Бірақ, аталған мектепте маған бекітілген жеке кабинет бар. Құқықтық бұрыштар, стенділер жабдықталған. Аталған мектеп оқушылары тарапынан 2019 жылдың 4 айында құқық бұзушылық тілкелмеген» - деді өз сөзінде.
Қаулы етті:
2.1. Т.Рысқұлов АІІБ-нің ЖПҚ-нің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторы, мектеп инспекторы Ә.Ұлтарақовтың 2019 жылдың 4 айындағы атқарған жұмысы «қанағаттанарлық» деп танылсын.
2.2. Оқушылар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу жұмыстары жандандырылсын.
2.3. Демалыс және мереке күндері күндізгі және кешкі уақытта мектеп әкімшілігі мүшелері мен Заң қызметкерлері тарапынан бірлескен кезекшіліктер өткізілсін.
Қамқорылық кеңес төрағасы Қ.Д.Дәулетов
Қамқорылық кеңес мүшелері: Г.Баятанова
З.Оразалиева
А.Қабылханов
Н.Садыбеков
Қ.Бекенов
Ж.Арыстанбекова
А.Канарова
П.Исмаилова
Қ.Демеуов
М.Дерибаев