Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Қайырымдылық - адамдықтың белгісі

Автор: admin от 10-02-2019, 23:27, посмотрело: 73

0 Қайырымдылық – мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің көрінісі, адамның асыл қасиеті. Кісінің айналасындағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екенінен байқалады. Қазақ халқы ежелден жомарттығымен танылған. Сондай жомарт жандар қашанда жанымызда екенін ұмытпағанымыз абзал. Оның дәлелі ретінде 2019 жылдың 10 қаңтар-10 ақпан аралағында ұйымдастырылған «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясы. Атаулы акцияның мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды анықтау және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу. Жыл сайын бастау алатын дәстүрлі акция Б.Момышұлы ұстаздары мен Каменка ауылы тұрғындарының басты назарында болды. «Жақыныңа жәрдемдес» тақырыбында мұғалімдер арасында әлеуметтік көмекке мұқтаж оқушыларды анықтау және көмек көрсету жұмыстары атқарылды. Акция шеңберінде ауыл кәсіпкерлеріне үндеу хаттар жолданып демеушілер тартылды. Жақсының жақсылығын айт демекші, мектеп директоры М.Қ.Мейманханов бастаған бірқатар мектеп ұстаздарының демеушілігімен 30 оқушыға 261000 (екі жүз алпыс бір мың) теңге көлемінде аяқ киімдер, сырт киімдер, жеңіл киімдер,азық-түлік түрінде көмек көрсетілсе, мектебіміздің ардагер ұстаздары Р.Амреева, С.Валиева, Б.Инкарбекова, Г.Хуголь мектебіміздің өнерлі оқушыларына 100 000 (жүз мың) теңгеге қазақтың ұлттық көйлегін алып берді. Оқушылардың рухани байлығы мен мәдени сауаттылығы тәрбиенің арқасында екені белгілі. Сондықтан да, оқушыларды мәдени қолдап, оқушылардың алаңсыз білім алуы мен іс-шаралардың дұрыс өтілуіне қолдау білдірген ауыл ақсақалы, ауданымыздың құрметті азаматы Қ.Дәулетов 470 000 (төрт жүз жетпіс мың) теңгеге музыкалық аппарат толық комплектісімен алып демеушілік көрсетті.
«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, мектеп оқушыларының алаңсыз білім алуына қолайлы жғдай жасап, достық пейілдерін таныта алатын жандардың арамызда әлі де бар екендігі қуантады. Олай болса, мектебіміздегі әлеуметтік жағдайы төмен оқушылары мен мектебіміздің өнерлі балаларына көмек көрсеткен демеушілерге мектеп ұжымы мен мектеп директоры М.Қ.Мейманхановтың атынан үлкен ризашылығымызды білдіре отырып, мектебімізде әлі де осындай игі істер жалғасын табады деген сенімдеміз...

Категория: Ата-аналарға