» Материалы за Апрель 2019 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту
 

Хаттама

Автор: admin от 3-04-2019, 22:06, посмотрело: 70

0
Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебіндегі
Қамқоршылық кеңесінің № 5 отырысының
Хаттамасы

Каменка ауылы 08.01.2019 жыл

Қамқоршылық кеңес төрағасы Қ.Д.Дәулетов
Барлығы 11 адам
Қатысқаны 11 адам


КҮН ТӘРТІБІНДЕ:


1. 2019 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі жанында құрылған Қамқоршылық кеңесінің мүшелеріне өзгерістер енгізу туралы

ТЫҢДАЛДЫ: 1.1. Қ.Дәулетов – Қамқоршылық кеңес төрағасы «Ауылымыздағы үлкен білім ошағының бірі – Қарақыстақ ауылдық округіне қарасты, Каменка ауылында орналасқан Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі екендігін айтты. Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі бүгінгі заман талабына сай қызмет ететін білім ошағы – деді.
Бүгінгі күні мектеп ұжымы жұмыла жұмыс атқарып көптеген нәтижеге жетіп отқанын айтты. Ұстаздарымыз өздерінің алдында тұрған міндеттерін жауапкершілікпен сезінеді және өздерінің басты міндеті тәрбие процесін қазіргі талапқа сай, жоғары нәтижеге жету жолында үнемі ізденісте жүретіндігін айтып мектептің 2017-2018 оқу жылында атқарылған жұмыстарының «қанағаттанарлық» және мақтауға лайықты екенін айтып, мектептегі қамқоршылық кеңес жұмысы нәтижеге бағытталған жұмыстар атқарып жатқандығын, 2018 жылға мектеп тарапына, мектептің ата-аналары мен оқушылары арасында ешқандай келеңсіздіктер мен түсініспеушіліктер және арыз-шағымдар тіркелмегенін таныстырды. Дәулетов Қыстақ сондай-ақ кеңес мүшесі Жалпақсаз ауылдық округінің тұрғыны Садиева Барноның өз еркімен отбасылық жағдайына байланысты, Каменка ауылының тұрғыны Ауесбаев Менлихан денсаулығына байланысты, Қарақыстақ ауылдық округінің аппараты КММ бас маманы И.Омаровтың өз еріктерімен бас тартуларына байланысты, өтініштерімен таныстырып мүшелікке жаңа азаматтарды қабылдауды және ұсыныс тастауды ұсынды.

СӨЙЛЕДІ:1.1.А.Н.Қабылханов – Қарақыстақ ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, қамқоршылық кеңес мүшесі: «Нәтижеге бағытталған мектеп жұмысын басқаруда мектеп әкімшілігі мен мектеп педагогтеріне айтар алғысым шексіз. Мектеп әкімшілігі мектеп жұмысын дамытуда дұрыс болжам жасап, ұжымды ортақ мүддеге тоғыстырып отыр. Сонымен қатар, оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануға байланысты іс-шаралар мен байқаулар, спорттық ойындар, интелектуалдық сайыстар жыл бойы ұйымдастырылып өткізіледі. Өз балаларымыз да өте қызығушылықпен спорттық ойындарға қатысып, көптеген жетістіктерге де жетіп жүр. Бұл мектеп ұжымы мен мектеп әкімшілігінің еңбегі, мектеп басшысы М.Қ.Мейманхановтың жұмысты дұрыс жолға қоя білуінің нәтижесі деп білемін. Мектепте іс – шаралар жыл бойы мерекелік даталы күндерге, ақын-жазушылардың туған күндеріне т.б. мейрамдарға орай жоспарға сай жүргізіліп отыратындығына біршама қатысып та көз жеткіздік. Сондай шараларға белсенді қатысып, мектепке жаны ашитын ауыл тұрғындары да жетерлік. Атап айтсам, ата-ана Серибаев Мұрат, Бекенов Құдайберген, Исмаилова Пернекул, Демеуов Қошқарбай, Қарақыстақ ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Гүлмира Баятанованы ұсынамын» - деді.

СӨЙЛЕДІ: 2.2.Канарова Аманкуль Қарабаевна – Қарақыстақ ауылының тұрғыны, зейнеткер, ата-ана, қамқоршылық кеңес мүшесі, Қарақыстақ ауылдық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, қамқоршылық кеңес мүшесі Амангелді Қабылхановтың ұсынысымен толық келісетіндігін айтып, жоғарыда аталған азаматтардың ауылда беделді, мектептің қоғамдық күнделікті өмірінде белсенді екенін айтып, ұсыныспен толық келісетіндігін жеткізді.

ҰСЫНЫС:

1.1. 2019 жылы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебі жанында құрылған «қамқоршылық кеңесі» мүшелігінен Б.Садиева, М.Ауесбаев, И.Омаров шығарылып, Г.Баятанова, М.Серибаев, Қ.Бекенов, П.Исмаилова, Қ.Демеуов кеңес мүшелігіне ұсынылсын.
1.2. Қамқоршылық кеңес жұмысын жандандыру мақсатында білім беру ұйымына қолдау көрсету, атап айтқанда оның жарғылық функцияларының іске асырылуына, материалдық техникалық базасының нығаюына көмектесу және оның қызметіне қоғамдық бақылау жүргізу жұмыстары жүргізілсін.

Қамқоршылық кеңес төрағасы Қ.Дәулетов

Қамқоршылық кеңес мүшелері Г.Баятанова
З.Оразалиева
А.Қабылханов
Н.Садыбеков
Қ.Бекенов
Ж.Арыстанбекова
А.Канарова
П.Исмаилова
Қ.Демеуов
М.Серибаев


Хатшы А.Уразбаева

Категория: Нормативтік құжаттар

 

жиналыстың жүргізілу тәртібі

Автор: admin от 3-04-2019, 22:03, посмотрело: 187

0
Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің 2017-2018 оқу жылында атқарылған «қамқоршылық кеңесі» отырысының есеп беру жиналысының


ЖҮРГІЗУ ТӘРТІБІ

Т.Рысқұлов ауданы
Каменка ауылы 2018 жылдың «1» қараша


Жиналыстың төрағасы: Дәулетов Қыстақ
Құрметті «қамқоршылық кеңесі отырысына қатысушылар»!
Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде құрылған қамқоршылық кеңесінің отырысына кеңес мүшелері және бір топ қонақтар қатысып отыр. Қатысып отырған барлық қамқоршылық кеңес мүшелерінің саны 8 , 1 мүшесі белгілі себептермен қатыспай отыр.
Қатысып отырған кеңес мүшелерінің саны жиналысты ашуға Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы № 355 бұйрығына» сәйкес мүмкіндік береді.
Қамқоршылық кеңес жиналысын ашу жөнінде қандай ұсыныстарыңыз бар?
Ашылсын деген ұсыныстар түсті.
Басқа ұсыныстар бар ма?
Дауысқа саламын.
Кеңес мүшелерінен жиналыс ашылсын деген дауыс берулеріңізді сұраймын.
Кім қарсы, Жоқ.
Кім қалыс? Жоқ.
Қабылдансын.
Қамқоршылық кеңес жиналысы ашық деп жарияланады.
Төрағалық етуші:
Енді жиналыстын күн тәртібі мен регламентін бекітуіміз керек.
Төмендегідей күн тәртібі мен жұмыс регламенті ұсынылады.
КҮН ТӘРТІБІ:
1. 2017-2018 оқу жылындағы Бауыржан Момышұлы атныдағы орта мектебінде атқарылған жұмыстар туралы.
Баяндамашы: Мейманханов Мұратжан Құрманжанұлы Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің директоры
2.АІІБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы Ә.Ұлтарақовтың 2018 жылдың 10 айында атқарған жұмысы туралы есебі



Жиналыстың жұмыс регламенті:
1. Бірінші мәселе бойынша баяндамашыға – 20 минут
2. Екінші мәселе бойынша баяндамашыға – 10 минут
Онда жиналыстың күн тәртібі мен жұмыс регламентін бекітуге келісетіндер қолдарынызды көтеріңіздер.
Кім қарсы? Жоқ.
Кім қалыс? Жоқ.
Қабылдансын.
Төрағалық етуші:
Құрметті қамқоршылық кеңесі жиналысына қатысушылар!
Енді күн тәртібіндегі бірінші мәселелені қарастыруға көшеміз.
Бірінші мәселе бойынша сөз баяндамашы Мейманханов Мұратжан Құрманжанұлына беріледі .
Баяндама аяқталды.
Баяндамашыға сұрақтарыңыз бар ма?
Төрағалық етуші:
Жарыссөзге көшеміз. Жарыссөзге 1 адам алдын ала жазылды.
Сөз тізім бойынша
1. Канарова Аманкуль Қарабаевнаға беріледі.
Төрағалық етуші:
Құрметті «Қамқоршылық кеңес жиналысына қатысушылар»!
Баяндама бойынша жарыссөзге 1 адам жазылған, оның 1 сөйледі.
Сөз сөйлеймін деушілер бар ма? Жоқ
Онда жарыссөз тоқтатылсын дегендеріңіз қолдарынызды көтерулеріңізді өтінемін.
Кім қарсы? Жоқ.
Кім қалыс? Жоқ.
Қабылдансын.
Енді күн тәртібіндегі екінші мәселелені қарастыруға көшеміз. Екінші мәселе бойынша сөз АІІБ ЖПҚ ЮПТ инспекторы Ә.Ұлтарақовқа берілді.
Баяндама аяқталды.
Баяндамашыға сұрақтарыңыз бар ма?
Жоқ.

Төрағалық етуші:
Құрметті қамқоршылық кеңес отырысына қатысушылар!
Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінің қамқоршылық кеңесі отырысының есеп беру жиналысының күн тәртібіндегі мәселелер түгел қаралды, олар бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Жиналыстың жүргізілу барысы жөнінде кімде қандай ескертпелер бар?
(Сұрақтарға жауап беру. Хабарламалар)
Олай болса, «қамқоршылық кеңесі» отырысының есеп беру жиналысы жабық деп жарияланады.

Категория: Нормативтік құжаттар