0
Биылғы жыл еліміз үшін елеулі оқиғалармен есте қалатыны анық. Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2018 жылы 5 қазанда Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында: «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясаттың басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын», – деген еді. Күні кеше мемлекет басшысы ашқан Жастар жылы жас ұрпақты бір серпілтті, жаңа серпін берді, олардың өзін өзі танытуға жаңа мүмкіндіктер туғызды.
Бүгінде Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде жас мамандарсаны жыл сайын артып келеді және бұл қуантарлық жайт. Себебі, жастар – өзгерістерге тез бейімделетін, жаңа білімді жеңіл меңгеретін қоғамның ең белсенді және ұтқыр бөлігі. Осы орайда аталған мектепте 08 ақпан күні «Болашаққа үміт, жастарға сенім» тақырыбында жоғарғы сынып оқушыларымен жас мамандарды қолдау мақсатында форум өтті. Форум аясында мектеп директоры М.Қ.Мейманханов жастарды Жастар жылымен құттықтап, 2019 жылы жастарды күтіп тұрған жаңалықтармен бөлісті. Сондай-ақ, айтулы шара қонақтары аудандық білім бөлімінің кәсіподақ ұйымының төрайымы А.М.Баймұратова жас мамандарға өзінің ізгі тілегін білдіріп, жастарғакөрсетілетін қолдаулар мен артылатын міндеттерді де ашып айтты. Жастар ресурстық орталығының директоры орынбасары Б.Асқар жастарды аянбай еңбек етуге, үздіксіз ізденісте болуға шақырды. Форум мектебіміздің өнерлі жастары мен жас ұзтаздарының ұйымдастыруымен концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, шара өз мақсатына жете білді әрі жоғары деңгейде өткізілді.