» Материалы за 10.02.2019

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Мектеп асханасы

Автор: admin от 10-02-2019, 23:39, посмотрело: 101

0 7. МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫ


ӨЗЕКТІЛІГІ
Мектепте дұрыс және теңгерімді тамақтану қазақстандықтардың өсіп келе жатқан ұрпағының денсаулығын сақтау және нығайтудың негізгі шарттарының бірі болып табылады.
Ұлт денсаулығы – мемлекеттің басты басымдығы.
Бүгінгі күні білім беру ұйымдары оқушыларды ыстық немесе буфеттік тамақпен қамтамасыз етеді. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады.
Алайда бірқатар өзекті мәселелер бар:
1. Мектептегітамақтанусапасы:
 буфеттік ас мәзірінормаларының жоқтың қасы, санитарлықережелерсақталмайды, бұлдегеніңіз өнім берушілергебалаларағзасыназиянды өнімдерді сатуға мүмкіндік туғызып отыр;
- рационы өте аз, мектеп буфеттерінде ұннан жасалған, құрамында қанты бар сусындар мен өнімдер көп сатылады, жеміс-жидектер мен көкөністердің мөлшері жеткіліксіз;
- дайын тағамдардың нақты салмағы талап етілген нормаларға сәйкес келмейді, ауыз су режимін ұйымдастыруда кемшіліктер бар;
- тамақ ішуге арналған уақыт ұзақтығының жеткіліксіздігі.
2. Мектепте тамақтандыруды ұйымдастыруға байланысты нормалар мен ережелердің орындалуы бойынша бақылаудың болмауы:
 уәкілетті органдардың мектеп асханаларына кенеттен және жоспардан тыс тексеру мен бақылауды ұйымдастыру мүмкіндігі жоқ;
 білім беру ұйымдарында тамақтану сапасының мониторингі жөніндегі комиссия тиісті түрде жұмыс істемейді;
 ведомствоаралық сараптама топтарының және жауапты мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және ата-аналар қоғамдастығының үйлестірілген жұмысының жоқтығы.
3. Бірқатар аймақтарда мектептерде жұмыс істемейтін асханалар мен буфеттер санының көптігі.
4. Қоғамда тамақтану мәдениеті деңгейінің төмендігі және салауатты өмір салты қағидаларының сақталмауы.
Жоғарыда аталған барлық мәселелер мектептегі тамақтанудың сапасын жақсартуға бағытталған «Мектеп асханалары» партиялық жобасын іске асырудың өзектілігі мен өз уақытында іске асырылып отырғанын куәландырады.

НЕГІЗГІ МЕССЕДЖДЕР
Мемлекет тарапынан қандай шаралар жасалып жатыр?
Қазіргі уақытта мектепте тамақтану мәселелері бойынша заңнамалық база қалыптасты:
 2015 жылы ҚР БҒМ 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығымен Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары бекітілді;
 2017 жылы ҚР ДМ 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілді.

Партия позициясы
«Мектеп асханалары» партиялық жобасы партияны жаңғырту шеңберінде және ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың партияның Саяси кеңесінің 2018 жылғы 1 маусымдағы кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында басталды.

ЖОБАНЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ
Жобаның мақсаты – мектептегі тамақтану сапасын жақсарту.
Осы мақсатқа жету үшін, келесі міндеттерді шешу қажет:
1. Тамақтану стандарттарына мониторинг жүргізу жүйесін ұйымдастыру;
2. Тамақтану стандарттарын жетілдіру;
3. Оқушылар арасында дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмысты үйлестіру.

Мониторинг жүргізу жүйесін ұйымдастыру
Тамақтанудың сапасы, тамақтану стандарттарына сәйкестігі және мектеп оқушылары арасында дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру жөніндегі мониторинг жүргізу бойынша іс-шаралар барлық өңірлерде білім беру орындарында ресми түрде құрылған ведомствоаралық сараптамалық топтардың құрамында өткізіледі.

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
 Мектептегі тамақтану сапасына мониторинг жүргізудің қолданыстағы жүйесі;
 Мектептегі тамақтанудың жетілдірілген стандарттары;
 Мектептегі тамақтануды ұйымдастыру бойынша қоғамдық бақылауды арттыру;
 Мектептегі тамақтануды ұйымдастыру мәселелері бойынша жетілдірілген НҚА;
 Оқушылар мен ата-аналардың дұрыс тамақтану қағидалары туралы хабардар болу деңгейін арттыру;
 Мектеп оқушыларының және ата-аналардың мектептегі тамақтанудың ұйымдастырылуына қанағаттанушылық деңгейін арттыру.

Категория: Нормативтік құжаттар

 

Қайырымдылық - адамдықтың белгісі

Автор: admin от 10-02-2019, 23:27, посмотрело: 73

0 Қайырымдылық – мұқтаж жандарға көрсетілер нақты көмек, ізгіліктің көрінісі, адамның асыл қасиеті. Кісінің айналасындағы адамдарға танылатын тамаша қыры да қаншалықты қайырымды екенінен байқалады. Қазақ халқы ежелден жомарттығымен танылған. Сондай жомарт жандар қашанда жанымызда екенін ұмытпағанымыз абзал. Оның дәлелі ретінде 2019 жылдың 10 қаңтар-10 ақпан аралағында ұйымдастырылған «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясы. Атаулы акцияның мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды анықтау және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу. Жыл сайын бастау алатын дәстүрлі акция Б.Момышұлы ұстаздары мен Каменка ауылы тұрғындарының басты назарында болды. «Жақыныңа жәрдемдес» тақырыбында мұғалімдер арасында әлеуметтік көмекке мұқтаж оқушыларды анықтау және көмек көрсету жұмыстары атқарылды. Акция шеңберінде ауыл кәсіпкерлеріне үндеу хаттар жолданып демеушілер тартылды. Жақсының жақсылығын айт демекші, мектеп директоры М.Қ.Мейманханов бастаған бірқатар мектеп ұстаздарының демеушілігімен 30 оқушыға 261000 (екі жүз алпыс бір мың) теңге көлемінде аяқ киімдер, сырт киімдер, жеңіл киімдер,азық-түлік түрінде көмек көрсетілсе, мектебіміздің ардагер ұстаздары Р.Амреева, С.Валиева, Б.Инкарбекова, Г.Хуголь мектебіміздің өнерлі оқушыларына 100 000 (жүз мың) теңгеге қазақтың ұлттық көйлегін алып берді. Оқушылардың рухани байлығы мен мәдени сауаттылығы тәрбиенің арқасында екені белгілі. Сондықтан да, оқушыларды мәдени қолдап, оқушылардың алаңсыз білім алуы мен іс-шаралардың дұрыс өтілуіне қолдау білдірген ауыл ақсақалы, ауданымыздың құрметті азаматы Қ.Дәулетов 470 000 (төрт жүз жетпіс мың) теңгеге музыкалық аппарат толық комплектісімен алып демеушілік көрсетті.
«Жылуы жоқ үйден без, қайырымы жоқ биден без»,- дегендей қайырымдылық, адамгершілікті биік ұстап, кісілікті ту етіп, көкірегі қаяулы, жаны жаралы жанның жасын сүртіп, жылы лебізін аямай, қолдан келген жәрдемін ұсынып, мектеп оқушыларының алаңсыз білім алуына қолайлы жғдай жасап, достық пейілдерін таныта алатын жандардың арамызда әлі де бар екендігі қуантады. Олай болса, мектебіміздегі әлеуметтік жағдайы төмен оқушылары мен мектебіміздің өнерлі балаларына көмек көрсеткен демеушілерге мектеп ұжымы мен мектеп директоры М.Қ.Мейманхановтың атынан үлкен ризашылығымызды білдіре отырып, мектебімізде әлі де осындай игі істер жалғасын табады деген сенімдеміз...

Категория: Ата-аналарға

 

Болашаққа үміт, жастарға сенім

Автор: admin от 10-02-2019, 23:08, посмотрело: 131

0 Биылғы жыл еліміз үшін елеулі оқиғалармен есте қалатыны анық. Елбасы Н.Ә. Назарбаев 2018 жылы 5 қазанда Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында: «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясаттың басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек. Келесі жылды Жастар жылы деп жариялауды ұсынамын», – деген еді. Күні кеше мемлекет басшысы ашқан Жастар жылы жас ұрпақты бір серпілтті, жаңа серпін берді, олардың өзін өзі танытуға жаңа мүмкіндіктер туғызды.
Бүгінде Т.Рысқұлов ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектебінде жас мамандарсаны жыл сайын артып келеді және бұл қуантарлық жайт. Себебі, жастар – өзгерістерге тез бейімделетін, жаңа білімді жеңіл меңгеретін қоғамның ең белсенді және ұтқыр бөлігі. Осы орайда аталған мектепте 08 ақпан күні «Болашаққа үміт, жастарға сенім» тақырыбында жоғарғы сынып оқушыларымен жас мамандарды қолдау мақсатында форум өтті. Форум аясында мектеп директоры М.Қ.Мейманханов жастарды Жастар жылымен құттықтап, 2019 жылы жастарды күтіп тұрған жаңалықтармен бөлісті. Сондай-ақ, айтулы шара қонақтары аудандық білім бөлімінің кәсіподақ ұйымының төрайымы А.М.Баймұратова жас мамандарға өзінің ізгі тілегін білдіріп, жастарғакөрсетілетін қолдаулар мен артылатын міндеттерді де ашып айтты. Жастар ресурстық орталығының директоры орынбасары Б.Асқар жастарды аянбай еңбек етуге, үздіксіз ізденісте болуға шақырды. Форум мектебіміздің өнерлі жастары мен жас ұзтаздарының ұйымдастыруымен концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, шара өз мақсатына жете білді әрі жоғары деңгейде өткізілді.

Категория: Мерекелік іс-шаралар