0
7. МЕКТЕП АСХАНАЛАРЫ
ӨЗЕКТІЛІГІ
Мектепте дұрыс және теңгерімді тамақтану қазақстандықтардың өсіп келе жатқан ұрпағының денсаулығын сақтау және нығайтудың негізгі шарттарының бірі болып табылады.
Ұлт денсаулығы – мемлекеттің басты басымдығы.
Бүгінгі күні білім беру ұйымдары оқушыларды ыстық немесе буфеттік тамақпен қамтамасыз етеді. Жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен білім алушылардың жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен тамақтандыруды ұйымдастырады.
Алайда бірқатар өзекті мәселелер бар:
1. Мектептегітамақтанусапасы:
буфеттік ас мәзірінормаларының жоқтың қасы, санитарлықережелерсақталмайды, бұлдегеніңіз өнім берушілергебалаларағзасыназиянды өнімдерді сатуға мүмкіндік туғызып отыр;
- рационы өте аз, мектеп буфеттерінде ұннан жасалған, құрамында қанты бар сусындар мен өнімдер көп сатылады, жеміс-жидектер мен көкөністердің мөлшері жеткіліксіз;
- дайын тағамдардың нақты салмағы талап етілген нормаларға сәйкес келмейді, ауыз су режимін ұйымдастыруда кемшіліктер бар;
- тамақ ішуге арналған уақыт ұзақтығының жеткіліксіздігі.
2. Мектепте тамақтандыруды ұйымдастыруға байланысты нормалар мен ережелердің орындалуы бойынша бақылаудың болмауы:
уәкілетті органдардың мектеп асханаларына кенеттен және жоспардан тыс тексеру мен бақылауды ұйымдастыру мүмкіндігі жоқ;
білім беру ұйымдарында тамақтану сапасының мониторингі жөніндегі комиссия тиісті түрде жұмыс істемейді;
ведомствоаралық сараптама топтарының және жауапты мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың және ата-аналар қоғамдастығының үйлестірілген жұмысының жоқтығы.
3. Бірқатар аймақтарда мектептерде жұмыс істемейтін асханалар мен буфеттер санының көптігі.
4. Қоғамда тамақтану мәдениеті деңгейінің төмендігі және салауатты өмір салты қағидаларының сақталмауы.
Жоғарыда аталған барлық мәселелер мектептегі тамақтанудың сапасын жақсартуға бағытталған «Мектеп асханалары» партиялық жобасын іске асырудың өзектілігі мен өз уақытында іске асырылып отырғанын куәландырады.
НЕГІЗГІ МЕССЕДЖДЕР
Мемлекет тарапынан қандай шаралар жасалып жатыр?
Қазіргі уақытта мектепте тамақтану мәселелері бойынша заңнамалық база қалыптасты:
2015 жылы ҚР БҒМ 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 717 бұйрығымен Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және оқитын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу қағидалары бекітілді;
2017 жылы ҚР ДМ 2017 жылғы 16 тамыздағы № 611 бұйрығымен «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары бекітілді.
Партия позициясы
«Мектеп асханалары» партиялық жобасы партияны жаңғырту шеңберінде және ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың партияның Саяси кеңесінің 2018 жылғы 1 маусымдағы кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында басталды.
ЖОБАНЫҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТЫ
Жобаның мақсаты – мектептегі тамақтану сапасын жақсарту.
Осы мақсатқа жету үшін, келесі міндеттерді шешу қажет:
1. Тамақтану стандарттарына мониторинг жүргізу жүйесін ұйымдастыру;
2. Тамақтану стандарттарын жетілдіру;
3. Оқушылар арасында дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмысты үйлестіру.
Мониторинг жүргізу жүйесін ұйымдастыру
Тамақтанудың сапасы, тамақтану стандарттарына сәйкестігі және мектеп оқушылары арасында дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру жөніндегі мониторинг жүргізу бойынша іс-шаралар барлық өңірлерде білім беру орындарында ресми түрде құрылған ведомствоаралық сараптамалық топтардың құрамында өткізіледі.
КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР
Мектептегі тамақтану сапасына мониторинг жүргізудің қолданыстағы жүйесі;
Мектептегі тамақтанудың жетілдірілген стандарттары;
Мектептегі тамақтануды ұйымдастыру бойынша қоғамдық бақылауды арттыру;
Мектептегі тамақтануды ұйымдастыру мәселелері бойынша жетілдірілген НҚА;
Оқушылар мен ата-аналардың дұрыс тамақтану қағидалары туралы хабардар болу деңгейін арттыру;
Мектеп оқушыларының және ата-аналардың мектептегі тамақтанудың ұйымдастырылуына қанағаттанушылық деңгейін арттыру.